Депутаты
Железин ауданында өткен депутаттық бақылау
04-07-2019 09:28
Железин ауданында өткен депутаттық бақылау

2019 жылдың 26 маусымында облыстық мәслихаттың депутаты Марат Бақауов, аудандық мәслихаттың депутаттары Палина Лампартер, Төлеген Сәрсенов, Владимир Неупокоев, Людмила Бондаренконың құрамындағы жұмыс тобы Железин ауданының құрылыс объектілерін аралады. Депутаттармен бірге ауданың сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Омельченко Надежда, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы Баймағамбетов Серік, мердігер ұйымдарының өкілдері, ауылдық округтер әкімдері де объектілер басына барды.

 Депутаттар ең алдымен Железин ауылындағы спорт кешеніне (мердігер «Строй ЗАСТ» ЖШС) барды. Мұндағы құрылыс 2018 жылы басталып, биыл тамыз айында аяқталуы тиіс. Қазіргі уақытта өрт хабарлағышын орнату, ішкі әрлеу, санитарлық-техникалық жабдықтарды монтаждау бойынша жұмыстар аяқталды. Спорт зал еденінің, шаңғыроллер жолының тақтай төсемін орнату, аумақты абаттандыру бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстарының кестесінен ауытқу фактілері жоқ.

          Келесі объект Прииртышск ауылындағы су құбыры болды. Ондағы құрылыс жұмыстары да 2018 жылы басталған.Аяқталуы ағымдағы жылдың шілдесінде жоспарланған. Жұмыстарды «Ай-Су Мелиорация» ЖШС мердігер ұйымы орындап жатыр. Жобамен жалпы ұзындығы 19,026 шақырымға созылатын бірлескен шаруашылық-ауыз суы мен өртке қарсы сумен жабдықтауға арналған су құбырының құрылысы көзделген, соның ішінде су құбырын тікелей тұтынушыларға тартуды және есептеу құралдарын орнатуды есепке алғанда (291 тарту) кент ішіндегі желілер ұзындығы - 16,7985 шақырым.  Жұмыстар өндіріс кестесіне сәйкес жүріп жатыр, мерзімнен қалу байқалмайды. Мұнда депутаттарды объектіні іске қосқаннан кейін оны пайдалана білетін мамандардың бар болу мәселесі қызықтырды. Прииртышск ауылдық округінің әкімі Баужанов Қайыргелді айтып өткендей, осы бағыттағы жұмыс құрылыс басталысымен жүріп жатыр. Округте объектіні пайдалану бойынша қажетті білімге ие және жұмыс тәжірибесі бар маман табылды.

Депутаттар сондай-ақ Жаңа Жұлдыз ауылындағы мектеп ғимаратын бала бақшаға қайта құру объектісіне барып шықты. Жұмыстар ағымдағы жылдың сәуір айында басталған. Келісімшарт «Эксперт Строй Экспо» ЖШС мердігер ұйымымен жасалған болатын. Объектіге барған олар жұмыстарды аяқтау мерзімін ұзарту туралы өтінішін білдірді .Бұл мәселе қазіргі уақытта тапсырыс берушімен қарастырылуда.

Депутаттар осы объектілерді толық аяқталуына және іске қосылуына дейін одан әрі өз бақылауында ұстауға ниеттенеді.