Депутаты
Аққулы ауданының сумен жабдықтау объектілеріндегі құрылыс жұмыстарының барысы туралы
04-07-2019 09:58
Аққулы ауданының сумен жабдықтау объектілеріндегі  құрылыс жұмыстарының барысы туралы

Облыстық мәслихаттың депутаты Жанат Тұрлыбаев, аудандық мәслихаттың хатшысы Светлана Мусинова, аудан әкімінің орынбасары Қазбек Аметов, тапсырыс беруші ретінде «Аққулы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысының м.а. Нұржан Агиновтың құрамындағы жұмыс тобымен Қазы, Шақа, Шарбақты ауылдарында салынып жатқан сумен жабдықтау объектілеріне мониторинг жүргізілді.    

    Объектілер басында топ жұмысына мердігер ұйымдарының өкілдері мен ауылдық округтер әкімдері қатысты. Қазы, Шақа ауылдарындағы объектілер құрылысының мерзімдері - 2018-2019 жылдарға жоспарланған (мердігерлер - «Қазақстан құбыр зауыты» ЖШС, «Таир» ЖШС), Шарбақты ауылында - 2019 жыл (мердігер - «Ай-Су Мелиорация» ЖШС).

    Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстарының кестеден ауытқуы байқалмайды және проблемалық мәселелер жоқ. Халықтың әлеуметтік осал санаттарына жататын отбасылардың үйлеріне су құбырын тегін іске қосу туралы келісім орын алуда.