Депутаты
Май ауданының тұрғындарын сумен қамтамасыз ету мәселесі депутаттардың бақылауында
05-07-2019 11:26
Май ауданының тұрғындарын сумен қамтамасыз ету мәселесі депутаттардың бақылауында

Облыстық мәслихаттың депутаты Қарлығаш Түсіпбекованың, аудандық мәслихат депутаттарының, аудан құрылыс бөлімі басшысының құрамындағы мониторингтік топ салынып жатқан объектілердің құрылыс сапасына, мерзімдер кестесі мен өзге келісімшарт міндеттемелерін сақтауға қатысты тексеру жүргізді.

Осы жылы Май ауданының ауылдарында таратушы тораптардың құрылысы жүргізілуде. Ақжар, Майское, Майтүбек ауылдары («Эксперт Строй Экспо» ЖШС), Қаратерек («Нұрай Құрылыс жолы») ЖШС, Қызыл-Еңбек бөлімшесі, Кентүбек және Баскөл ауылдары («СК-АВС» ЖШС), Жұмыскер ауылы («Жарма Кұрылыс-Газ» ЖШС), Қызыл-Октябрь бөлімшесі («Қараша-Сервис» ЖШС), Саты, Малайсары ауылдары («АҚ МЕРЕКЕ» ЖШС),  Ақсарай бөлімшесі («ЛОГОТЕК КZ» ЖШС), Көктөбе ауылы («АЛВИС» ЖШС), Белогорский ХПП бөлімшесі («Қыстау-Қарағай» ЖШС), Бозша ауылы  («Строительная компания Кен Асар» ЖШС) қамтылған.

Жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр, орандау сапасы жағынан ескертулер жоқ. Дегенмен, Майское және Баскөл ауылдарында, Ақсарай, Белогорский ХПП бөлімшелерінде құрылыс жұмыстарының кестесінен ауытқу байқалады. Осы объектілерді депутаттар өз бақылауына алды.

Жалпы, барлық объектілер толық аяқталуына және іске қосылу мерзіміне дейін тұрақты депутаттық бақылауда болады.