Депутаты
Ақсудағы депутаттық бақылау
05-07-2019 10:29
Ақсудағы депутаттық бақылау

Облыстық мәслихаттың депутаттары Прокопьев Сергей, Шалабаева Аршагүл, Ақсу қалалық мәслихатының депутаттары Омарғалиев Мәдениет, Түгелбаев Айдын Ақсу қаласы мен оның ауылдық аймақтарында салынып жатқан объектілерге мониторинг жүргізді.

Депутаттар Қалқаман ауылының Степная көшесіндегі №2 және №4 төрт қабатты екі тұрғын үйдің (мердігер ұйымы «ЭкМонтажСервис» ЖШС), Ақсу қаласындағы магистральдық су құбыры желілерінің (мердігер ұйымы «Дала» ЖШС), Ақсу қаласының кәріздік тазарту құрылғыларынан  озера-накопителя «Ұзынбұлақ» жинақтаушы көліне дейін арынды кәріз коллекторының (мердігер ұйымы «Грэсстрой» ЖШС) қайта құру барысымен танысты. Аталған объектілер бойынша ескертулер жоқ.

Ақсу қаласының Молодежная көшесі 32 мекенжайындағы 114 пәтерлі жалдамалы тұрғын үй  құрылысында (мердігер ұйымы «ДСК монтаж» ЖШС) кестеден 2 айға кешігін орындау белгіленді.

Депутаттар сондай-ақ, Ақсу қаласындағы қалалық жылыту қазандығының (мердігер ұйымы «KBI Energy» ЖШС), Ақсу қаласындағы қара металлургия колледжінің оқушылары үшін 200 орынға арналған  жастар жатақханасының (мердігер ұйымы «СтройСвязьКомпани» ЖШС), Ақсу қаласындағы жедел басқару орталығының (мердігер ұйымы «Строй-ЗАСТ» ЖШС) құрылысымен таныс болды. Жұмыстар кестеге сәйкес әрі сапалы жүргізілуде.

Алғабас (мердігер ұйымы «АгроПромРемСтрой» ЖШС), Мәмәйіт Омаров атындағы (мердігер ұйымы «АгроПромРемСтрой» ЖШС), путь Ильича, Еңбек (мердігер ұйымы «Кельма-05» ЖШС), Пограничник (мердігер ұйымы «Казстройсервис-7» ЖШС) ауылдарында сумен жабдықтау объектілерінің құрылысы жүріп жатыр. Объектілерді аралау барысында мердігерлермен елді мекендер тұрғындарына салынып жатқан объектілерге қатысты оларды алаңдататын сұрақтарға түсініктемелер берілді.  

Жалпы, депутаттар, Ақсудағы құрылыс жұмыстарының оң динамикасы жайлы айттып өтті.

Құрылыстың толық аяқталуына дейін объектілер олардың бақылауында болады.