Депутаты
Тереңкөл ауданындағы сумен жабдықтау объектілерінің құрылысы
05-07-2019 12:48
Тереңкөл ауданындағы сумен жабдықтау объектілерінің құрылысы

Аудандық мәслихаттың хатшысы Сапар Баяндинов және депутат Мыңжасаров Қабдулла Береговое (мердігер «Тим-Баг» ЖШС) және Воскресенка (мердігер «Ай-Су Мелиорация» фирмасы ЖШС) ауылдарында жүріп жатқан су құбырлары мен су құбыры құрылыстарының жұмыс барысымен танысты. Береговое ауылындағы құрылыс-монтаждау жұмыстары 2018 жылдың сәуірінде басталған болатын. Бірақ жобаны түзетумен байланысты объектіні тапсыру мерзімі осы жылдың қазан айына дейін кейінге қалтырылды. Қазіргі уақытта 12,8 шақырым су құбыры салынған, 70 құдық орнатылды, тереңдігі 61 м. ұңғыма бұрғыланды. Тазарту құрылыстарының қоршаулары және фундамент монтаждалды. Бірінші және екінші көтеру сорғы станцияларының қабырғалары, ЖТҚС орнатылды. Таза су резервуарларына арналған бетон дайындау орнатылды. Воскресенка ауылындағы құрылыс жұмыстары мерзімнен ауытқуларсыз, кестеге сәйкес жүріп жатыр.

Осы сумен жабдықтау объектілерінің құрылысы толық аяқталуына және іске қосылуына дейін тұрақты депутаттық бақылауда болады.