Депутаты
Ақтоғай ауданының салынып жатқан объектілеріндегі жағдай туралы
05-07-2019 15:13
Ақтоғай ауданының салынып жатқан объектілеріндегі жағдай туралы

 Облыстық мәслихаттың депутаты Терентьев Александр мен аудандық мәслихаттың депутаттары Ташенев Жанат және басқалары атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен құрылыс жұмыстарының барысымен, олардың сапасымен, өндірістік кестелердің және өзге келісімшарт міндеттемелерінің сақталуымен танысты.    

 Бірінші болып барған объектілер қатарына Әуелбек және Қожамжар ауылдарындағы су құбырларының құрылысы кірді, онда мердігер ұйымы ретінде «Ай-Су Мелиорация» фирмасы ЖШС жұмыс істейді. Екі ауылдағы құрылыстарды аяқтау мерзімі – ағымдағы жылғы қазанның бірінші онкүндігі. Құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүріп жатыр, сапасы жағынан ескертулер болған жоқ.

   Жұмыс тобының мүшелері мердігер ретінде «КазСатПроект» ЖШС болып табылатын Ақтоғай ауылындағы әкімшілік ғимараттың қайта құрылу барысын тексерді. Құрылыстың аяқталу мерзімі – ағымдағы жылдың 15  тамызы. Объектіге барған кезде құрылысшылар шатыр жасау, жылу беру жүйесі, электр қуатымен қамтамасыз ету, кәріз жүйесі және сумен жабдықтау бойынша жұмыстарды аяқтады. 

   Соңғы болып Ақтоғай ауылындағы тұрғын емес ғимаратты ветеринарлық пункт етіп қайта құру объектісі тексерілді. Мұнда да «КазСатПроект» ЖШС мердігер ұйымы атқарып жатыр. Құрылыстың аяқталу мерзімі – 2019 жылдың 15 тамызы. Депутаттар шатыр жабу, терезе орнату, жылу беру жүйесі, элект қуатымен жабдықтау бойынша аяқталған жұмыстардың сапасымен танысты.  Өзге де жұмыстар белсенді жүріп жатыр.

   Депутат Александр Терентьевтің, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары өкілдерінің қатысуымен  өткен аудандық мәслихаттың депутаттық тобының отырысында мониторинг нәтижелерін қорытындылай келе, «Ай-Су Мелиорация» фирмасы ЖШС-нің және «КазСатПроект» ЖШС-нің сапалы жұмысы аталып өтті. Барлық жұмыстар кестеге сәйкес жүріп жатыр және қазіргі уақытта ауытқулар жоқ.  

   Депутаттар, мердігер ұйымдарының тиімді жұмысын атап өте, аудан әкімдігінің бөлімдеріне, аталған жұмыс учаскесі үшін жауаптыларға құрылысшыларға олардың ұйымдастырушылық мәселелерінде, сондай-ақ ауыл тұрғындарымен өзара іс-қимыл барысында туындайтын сұрақтарды қарастыруда және түсіндіруде барынша қолдау көрсетуді ұсынды.   

    Тексерілген барлық объектілер  толық аяқталуына және іске қосылуына дейін тұрақты депутаттық бақылауда болады.