Депутаты
Облыс әкімі депутаттар алдында есеп берді
17-07-2019 15:24
Облыс әкімі депутаттар алдында есеп берді

Ағымдағы жылдың 16 шілде күні облыстық мәслихаттың ХХХІІІ кезектен тыс сессиясында Павлодар облысының әкімі Болат Жұмабекұлы Бақауов депутаттар алдында есеп берді.

Сессия жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары Оразғұлов Расул Қабдоллаұлы, облыс әкімінің орынбасарлары, қалалар мен аудандар әкімдері, мәслихаттар хатшылары, мемлекеттік органдардың басшылары, қоғамдық ұйымдар өкілдері, «Нұр Отан» партиясының қалалық, аудандық филиалдарының бірінші орынбасарлары, қоғамдық кеңестер төрағалары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.