Депутаты
Депутаттың игі істері
23-07-2019 09:30

2019 жылдың 24 маусымында Түркістан обылысының Арыс қаласында үлкен қайғылы жағдай орын алды. Болған жағдай ешқайсымызды бейжай қалдырмады. Адамдардар өз қайғысымен жеке қалмауы керек, бұндай жағдайды бүкіл ел болып, халық болып шешуіміз керек. Аталған акцияға,  қиын жағдайда қалған адамдарға қол ұшын бергісі келген адамдар ат салысты.

Бұл жағдай Павлодар облыстық мәслихатының депутаты, «ЕЭК» АҚ бірінші вице-президенті Бугубаев Марат Асхатұлының назарынан тыс қалмады. Марат Асхатұлының отбасы мүшелерінің барлығы аталған қасіретке бей жай қарамай, барлығы бірігіп, Бугубаевтар отбасы есебінен «Рухани Павлодар» қоғамдық қорына 100 000 (жүз мың) теңге  көлемінде қаражат  аударды.

Депутат жерлестеріне көмек көрсетуде. Кез келген  ата-ананың өз балаларын ақылы жазғы лагерге жіберуге мүмкіндігі бола бермейді, оның үстіне көпбалалы  отбасы болса. Себебі бұл – жаңа ортамен танысып, үнемі қозғалыста болып, жаңалықтарға ұмтылатын кезең.  Бугубаев Марат Асхатұлы өз қаражаты есебінен  Ольга Бойко көпбалалы отбасының  балаларына  Баянауыл  ауылында орналасқан «Орленок»  балалар сауықтыру лагеріне үш жолдама сатып алды. Отбасының ең кіші мүшелері де қараусыз қалмады, оларға да жазғы костюмдер мен жеміс-жидектер сатып алынды.

Адамдардың мейірімділігі мен қайырымдылығының арқасында, азап шеккендер жақын арада еңселерін көтеріп, барлығының жақсы болуына сенеміз!