Депутаты
Облыстық мәслихаттың депутаттары Баянауыл ауданында
09-08-2019 17:00
Облыстық мәслихаттың депутаттары Баянауыл ауданында

2019 жылдың 7 тамызында облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы Марина Стрелковскаяның төрағашылығымен және облыстық мәслихаттың депутаттары Раис Гайнулин, Орал Сартаевтың, аудандық мәслихат депутаттарының, облыстық мемлекеттік мекемелер, Баянауыл ұлттық табиғи паркі, аудандық әкімдік пен арнайы қызмет өкілдерінің  қатысуымен Баянауыл ауданының демалу аймағында  экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық заңнамасының сақталуымен танысты.

Жұмыс тобы ауданның бірқатар объектілерін: Сарыадыр бұлағын, Баянауыл ауылының полигонын, Жасыбай демалу аймағы мен Сабындыкөл жағжай аймағын аралады. Сапар барысында тиісті қызметтер су құрамын зерттеу үшін  Сарыадыр бұлағынан, Сабындыкөл мен Жасыбай көлдерінен сынамалар алды.

Тұрақты комиссия отырысында облыс бойынша экология департаментінің басшысы Әлиев Данияр және облыс тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Сорокина Ирина депутаттарды Жасыбай демалу аймағында экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық заңнамасының сақталуы туралы хабардар етті.  Депутаттардың отырыс барысында талқыланған мәселелер жөнінде ауданның арнайы қызметтеріне қоятын сұрақтары болды. Бұл полигонды қаржыландыру және оны ұстау мәселелері, кадрлық мәселелер,демалу зоналарының аумақтарын абаттандыруды қамтамасыз ету мәселелері,аумақтық  тиесілік және т.с.с.  

Отырыс қорытындылары бойынша депутаттар аудандағы экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар берді.