Депутаты
ДЕПУТАТТАР ЖОЛДАУ ЖАЙЛЫ
03-09-2019 11:18

Мемлекет Басшымыз Қазақстан халқына Жолдауымен сөз сөйлеу барысында өзінің өзінің сайлауалды тұғырнамасын іске асыру бойынша негізгі аспектілерді атап өтті.

Жолдауда әлеуметтік блок мәселелері жиі қозғалды. Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкіметке жыл соңына дейін жұмыс істейтін азаматтарға өз зейнетақы қорланымдарының бөлігін мысалы, баспана сатып алуға немесе білім алу үшін мақсатты қолдану мәселесін пысықтауды тапсырды.

Қоғамда бұл мәселенің толғағы жетті.

Мені, бизнес өкілі ретінде,микро және шағын бизнес саласындағы компанияларды табысқа салынатын салықтан үш жылға босату үшін заңнамалық база әзірлеу туралы мәселесі қызықтырды.  

2020 жылғы қаңтардан бастап, микро және шағын бизнес субъектілеріне тексеріс жүргізуге үш жылға тыйым салу туралы шешімім күшіне енеді.

Президенттің Жолдауы барлық қазақстандықтардың іс-қимылдары үшін өзіндік бағыт-бағдар болатынына сенемін!                         

Гүлмира  НҰРХАНОВА, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясының Павлодар облыстық мәслихатындағы депутаттық фракциясының мүшесі.