Депутаты
Депутаттар «Сәбилер үйі» мен «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау жөніндегі өңірлік орталық» КММ-не барды
04-09-2019 10:12
Депутаттар «Сәбилер үйі» мен «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау жөніндегі өңірлік орталық» КММ-не барды

Облыстық мәслихаттың депутаттары Қабылқақ Қапенов, Айман Оспанова және Гүлмира Нұрханова «Павлодар облыстық мамандандырылған сәбилер үйі» ММ-не және «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау жөніндегі өңірлік орталық» КММ-не барды. Бас дәрігер Багдат Кембаева депутаттарға ата-анасының қамқорынсыз қалған туғаннан 4 жасқа дейінгі балаларға және жетім-балаларға медициналық, педагогикалық және әлеуметтік көмек көрсетілетін кабинеттерді аралатып көрсетті. Сәбилер үйінің балаларды педагогикалық оңалту орталығында логопед және дефектологтың жұмысы ерекше орыналады, деп атап өтті бас дәрігер.  работа, - отметила главный врач. Балалар тәрбиелеушілердің, дәрігердің, медбикелердің тұрақты бақылауында. Кесте бойынша уақытымен тамақтанады, бассейн, физиокабинеттер, музыкалық зал, ойын бөлмелері, жеке асүй блогы бар.

2018 жылдың қыркүйегінен бастап баладан бас тарту қауіпі бар өмірлік қиын жағдайдағы балаларға арналған күндізгі жату бөлімі ашылды. Қазіргі уақытта оған 18 бала барып жүр, олармен қажетті оңалту және сауықтыру іс-шаралары жүргізіледі. 1 қыркүйекке диспансерлік есепте – 60 бала, неврологиялық патологиясы бар – 52 бала, солардың ішінен БМС – 4 бала, мүгедек балалар - 6.

Ағымдағы жылдың 8 айы ішінде Сәбилер Үйіне 45 бала келіп түсті, кеткен балалар саны - 42, соның ішінде бала асыраушы отбасына 21 бала орналасты, туған отбасына 20 бала оралды, 1 бала қайтыс болды. Сот актілерін орындау жөніндегі департаментіне Сәбилер үйінің 16 тәрбиеленушілері мүддесінде ата-ана құқықтарынан айырылған 16 ата-анаға қатысты алимент өндіріп алу туралы өтінім берілді. Депутаттар Сәбилер үйі басшылығының назарын ғимаратқа ішкі және сыртқы жөндеу жұмыстарының, ағаш кезу қажеттілігіне аударды және барынша қолдау көрсетуге уәде берді. Депутат Айман Оспанова жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін балаларға кесірі тимегендей, қақ ортасын табу керектігін атап өтті.

Депутаттардың келесі барған объектісі – бұл  өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау жөніндегі өңірлік орталық. Орталық директоры Николай Кожахметов депутаттарды орталық жұмысымен және оның материалдық-техникалық базасымен таныстырды. Балалар тәулік бойы орталық персоналының бақылауында. Санитарлық нормалар мен ережелер қатаң сақталады. Депутаттар Тұңғыш Президент және Рухани Жаңғыру кабинеттерінің бар болуын атап өтті, алдағы уақытта Домбыра кабинетін ашу жоспарланып отыр.

Ол қызмет еткен кезден бері 128 кәмелетке толмаған балалар қабылданды, солардың ішінен 16 – қолайсыз отбасылық жағдайға тап болған балалар, 68 – қараусыз қалған балалар. 77 бала отбасыларына қайтарылды.

Барлық кабинеттер және ұйықтайтын бөлмелер қажетті жиһаз, құрал-заттармен жабдықталған. Жақсы жөндеу жұмыстары жасалып, ғимарат аумағы гүлбақшалармен көрікті абаттандырылған, спорт және балаларға арналған алаңдар бар.

Депутаттар тарапынан ешқандай ескертулер болған жоқ.