Депутаты
Депутаттар дәріханаларда рейд жүргізді
10-09-2019 16:02
Депутаттар дәріханаларда рейд жүргізді

Ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінде Павлодар облыстық мәслихатының депутаттары, «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Қабылқақ Қапенов және Гүлмира Нұрханова Павлодар қаласының дәріханалары ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 16 шілдесінде бекітіліп шыққан, «Бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» NKР ДСМ-104 бұйрығын сақтау бойынша рейд жүргізді. Депутаттар Қазақстанда барлық дәрілерге бағаны мемлекеттік реттеу өндіруші зауыт бағасын орнатудан бастап дистрибьюторлар мен дәріханалардың үстеме бағасына баға белгілеудің айқын жүйесін орнатуға мүмкіндік беретініне ерекше көңіл аударды, нәтижесінде бұл көршілес екі дәріханадағы бір дәрілік затқа бағаның  елеулі айырмашылығына жол бермейді, әлеуметтік шиеленістің төмендеуін және дәрілік заттарды пайдалануға азаматтардың тең құқықты экономикалық қолжетімділігін қамтамасыз етеді. «ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» фармацевтикалық инспекторатының фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің басшысы Маржан Жакашева атап өткендей, бұйрыққа 3955 дәрілік заттардың атаулары кірді. Бұйрықты қалыптастыру барысында кейбір позицияларға бірдей шекті көтерме және бөлшек сауда бағалары орнатылған. Жарты жылда бір рет дәрілік заттар атауларының тізіміне өзгерістер мен жаңартулар енгізілетін болады, сондай-ақ МӘМС енгізу бойынша өзгерістер болуы мүмкін. Халық үшін ақпарат ретінде барлық тіркелген дәрі-дәрмектер, бекітілген шекті бағалар, дәріханалардан сату шарттары туралы, сондай-ақ препараттарды қолдану бойынша нұсқаулықпен DariKz мобильді қосымша арқылы танысуға болатынын естеріңізге саламыз. Рейд барысында депутаттар қаланың 3 дәріханасына барды, бұзушылықтар анықталған жоқ. Бірақ, сонымен қатар депутаттар Бұйрық және оның 1, 2 қосымшалары туралы көрімделген ақпарат жоқ екенін атап өтті. Бұдан әрі мұндай рейдтер облыстың барлық қалалары мен аудандарында тұрақты негізде жүргізілетін болады.