Депутаты
Депутаттың жеке қабылдауы
16-09-2019 11:25
Депутаттың жеке қабылдауы

Облыстық мәслихаттыңхатшысы Бақыт Бексейітовамен "NurOtan" партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченконыңазаматтардың көшпелі қабылдауы Тереңкөл ауданының тұрғындарына өздерін толғандыратын бірқатар мәселелерді шешуге көмектесті.

Мәселелер атаулы әлеуметтік көмек алуға, зейнетақы мен тұрғын үймен қамсыздандыруға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына, қарыз жүктемесінің төмендетуіне, баға белгілеу саласына қатысты болды.

Мысалы, Тегістік ауылының тұрғыны Ақмарал Бишель мүгедек ұлымен бірге тұрады, ауыл шалғай жерде орналасқан, сондықтан медициналық көмек уақытында келе алмайды.  Әйел аудан орталығында тұрғын үй сатып алуға көмектесуді сұрады.

Аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Ернұр Әйткенов осы мәселенің шешімін жеке бақылауға алды.

  

Барлық сұрақтар бойынша өтініш берушілерге дәлелді жауаптар берілді, бірақ одан әрі қарауды талап ететін мәселелер де болды.