Депутаты
Депутаттар ветеринарлық объектілерге мониторинг жүргізді
20-09-2019 16:07
Депутаттар ветеринарлық объектілерге мониторинг жүргізді

Облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының депутаттары Тұрлыбаев Жанат, Әбішев Қайрат, Уразбаев Сайлау ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінен бастап осы айдың 20-сына дейін ауыл шаруашылығы басқармасы өкілдерінің, өңірлер әкімдері орынбасарларының, ветеринария бөлімдері, аумақтық ветеринарлық инспекция, мал дәрігерлік станция басшыларының, ауылдық округтер әкімдерінің қатысуымен Павлодар, Шарбақты, Аққулы аудандарында, Ақсу қаласының ауылдық аймағында ветеринария заңнамасының орындалуы бойынша мал дәрігерлік қызметтердің жұмысына мониторинг жүргізді. Депутаттар ауылдардың ветеринарлық  объектілері – мал қорымдары, мал дәрігерлік пункттердің жай-күйімен танысты.

          Облыста барлығы 147 ветеринарлық пункттер жұмыс істейді. Солардың ішінен - 41 үлгілік, олар барлық талаптарға жауап береді және толық көлемде функцияларын атқара алады.           

Депутаттармен кездесу барысында мал дәрігерлері жергілікті жұмыстары жайлы айтты. Депутаттар, аграрлық секторда жұмыс тәжірибесіне ие бола тұра, өз пікірлерімен бөлісіп, ветеринарлық жұмыстарды жақсарту бойынша ұсыныстар берді, өңірлер басшыларының назарын ветеринарлық пункттерді пайдалану және мал дәрігерлерінің жұмысын ұйымдастыру тиімділігіне аударды, мал қорымдарының жағдайы бойынша бірқатар ескертулер жасады.

Аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның мүшелері өзге де өңірлердің ветеринарлық объектілеріне баруға ниеттен білдірді.