Депутаты
Облыстық мәслихаттың хатшысы Аққулы ауданында жеке қабылдау жүргізді
20-09-2019 18:17
Облыстық мәслихаттың хатшысы Аққулы ауданында жеке қабылдау жүргізді

20 қыркүйекте Аққулы ауданының «Нұр Отан» партиясы филиалының алаңында облыстық мәслихаттың депутаттары Бақыт Бексейітова, Жанат Тұрлыбаев облыс жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Гүлнара Камалова, аудандық мәслихаттың хатшысы Светлана Мусинованың қатысуымен азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. 

  Қабылдауға тек аудандық орталық тұрғындары ғана келіп қоймай, сонымен қатар бүкіл Аққулы ауданынан азаматтар жазылды. Осы күніқолдау алуға үміттеніп 14 адам келді.

    Осылайша, Тлектес ауылының тұрғыны баспанасын жөндеуде жәрдем көрсетуді сұрады. Ол екі баланың қамқоршысы болып табылады, олардың біреуі көзінің көруі жағынан мүгедек. Өтініш білдірушінің айтуынша ол ұзақ уақыт бойы оған бөлінген пәтерге көше алмай жүр. Пәтер күрделі жөндеу жұмыстарын талап етеді. Шүленгерлік көмек қажет. Жанат Тұрлыбаев оған жәрдем көрсетуді шешті және осы мәселені өз бақылауына алды.

Қабылдау барысында баспана, атаулы-әлеуметтік көмек ұсыну, жол жөндеу, кәсіпкерлік, су құбырын өткізу мәселелері көтерілді. Сұрақтардың көбін Бақыт Бексейітова өзінің жеке бақылауына алды.

 

   Барлық сұрақтар бойынша өтініш берушілерге түсініктемелер, білікті жауаптар берілді.