Депутаты
Депутаттар АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын қарастырды
22-10-2019 17:35
Депутаттар АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын қарастырды

Облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Жанат Тұрлыбаев а.ж.22 қазанында ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы мәселесін қарастыру бойынша кезекті отырыс өткізді.  

Баяндамамен облыс ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Садыбеков Нұрлан сөз сөйледі. Ол бүгінгі күнге облыс бойынша ауыл шаруашылығының негізгі капиталына деген инвестициялар көлемінің ұлғаюы байқалатынын атап өтті. Ет мал шаруашылығында барлық ауыл шаруашылық мал түрлері мен ауыл шаруашылық өнімдері өсуінің оң динамикасы байқалуда. Жыл сайын өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өндірісі өсіп келеді. Осылайша 2018 жылы 2017 жылмен салыстырғанда дәнді дақылдар өндірісі 13,2%-ға, картоп - 10,7%-ға, бақша дақылдары - 4,9%-ға және май дақылдары - 6,5%-ға ұлғайды. Өсімдік шаруашылығындағы ең улкен қор суармалы егіншілікті дамытуда қалыптасқан. Алға қойылған мақсаттар мен тапсырмаларды орындау үшін Өңірлік бағдарлама әзірленген, ондағы суармалы жерлер алаңдары 2022 жылға дейін 145 мың гектарға ұлғайтылатын болады. 

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде су ресурстарын тиімді пайдалануды арттыру тапсырмасын орындау бойынша облыс жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Сәтиев Қадылжан баяндады. Мемлекеттік бағдарлама іс-шаралары жоспарының 80-тармағымен облыс шегінде Ертіс өзені жайылмасының бүкіл ұзақтығы бойынша негізгі арнаның жекелеген орындарындағы құймалар, ескі арналар кіре берісін, су ағыстарын тазалау көзделген. Осыған байланысты «Май ауданының Қаратерек ауылы маңайындағы Ертіс өзенінің арнасын тазалау және жағалауды бекіту» жобасы әзірленуде. Ертіс ауданында Ертіс өзенінің құймаларын, Май ауданында Қалыбай өзенінің арнасын, Ақтоғай ауданында Талинка өзенінің құймаларын, Павлодар ауданында Подстепка өзенінің арнасын тазалаумен байланысты жобалар әзірлеу жоспарлануда.

Облыс жер қатынастары басқармасының басшысы Дәуітбаев Руслан депутаттарға пайдаланылмайтын жер учаскелер, оларды тиімді әрі ұтымды пайдалану бойынша шаралар қабылдауға қатысты жүргізіліп жатқан жұмыс туралы баяндап берді. Жалпы комиссия жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына тартудың оң үрдісінің байқалатынын атап өтті, оның көрсеткіштері соңғы үш жылда 2178,1 мың гектарға ұлғайды. 

Облыс қала құрылысы және жерді бақылау басқармасының басшысы Нығматов Азамат мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде  уәкілетті және қадағалау органдарының пайдаланылмаған немесе заңнаманы бұзумен пайдаланылған жерлерді анықтауға бағытталған тұрақты бірлескен жұмыс жүргізілетінін және тиісті әрекет шараларының қабылданатынын хабарлады. 

Қарастыру нәтижелері бойынша депутаттармен ұсынымдар жасалды.