Депутаты
Депутаттар Тексеру комиссиясының есебін тыңдады
24-10-2019 10:59
Депутаттар Тексеру комиссиясының есебін тыңдады

Ағымдағы жылдың 23 қазанында облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы Тексеру комисииясының 2019 жылдың 9 айы ішінде атқарған қызметінің қорытындыларын қарастырды.Комиссияға облыстық мәслихаттың Павлодар қаласынан депутаттары, тексеру комиссиясының барлық мүшелері, қалалар әкімдерінің экономика мәселелері жөніндегі орынбасарлары және  облыстың бірқатар басқармаларының басшылары шақырылды.   

Тексеру комиссиясының төрайымы А. Құрманова депутаттарды есепті кезеңде 11 аудиторлық іс-шаралар жүргізілгені жайлы хабардар етті, онда мемлекеттік аудитпен 56 объектілер және  57,4 млрд. теңгеден астам бюджет қаражаттары мен мемлекет активтері қамтылғанын айтты. Өткен жылмен салыстырғанда аудитпен белгіленген қаржылық бұзушылықтар сомасы 43%-ға азайды. А.ж. 9 айы ішінде аудит объектілеріне 151 ұсынымдар мен 133 тапсырмалар жолданды, солардың ішінен бүгінгі күнге 119 ұсынымдар және 74 тапсырмалар орындалды. Қалған ұсынымдар мен тапсырмалар бойынша орындау мерзімі әлі аяқталған жоқ.Уәкілетті органдарына әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғау және қарастыруға 25 материалдар жіберілді, солардың 18-іне қатысты жалпы сомасы 2,9 млн.-нан астам теңгеге айыппұл салынумен 10 лауазымдық және 5 заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ағымдағы жылы Аққулы, Шарбақты және Успен аудандарының мекемелерімен, коммуналдық меншікті басқару және бухгалтерлік есеп саласындағы бұзушылықтар мәселелері бойынша қаржы басқармасымен бірлесіп 3 көшпелі семинарлар өткізілді.

Депутаттарды тексеру комиссиясының ұсынымдарын уақытында орындамауға, сауда-саттық өткізбей жер телімдерінзаңсыз беруге байланысты, бюджеттік қаражаттарды ұрлауға, облыс мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарында бухгалтерлік есептің автоматтандырылған жүйесінің жабдықталуын күшейтуге қатысты мәселелер қызықтырды.

Осы сұрақ бойынша қаулы қабылданды.