Депутаты
Сенат Спикері Д. Назарбаеваның депутаттармен кездесуі
01-11-2019 17:16
Сенат Спикері Д. Назарбаеваның депутаттармен кездесуі

А.ж. 1 қарашасында Парламент Сенатының Спикері Д. Назарбаеваның облыстық, Павлодар және Ақсу қалалық, Павлодар аудандық мәслихаттарының депутаттарымен кездесуі өтті. Кездесу барысында Парламент Сенатының барлық деңгейдегі депутаттармен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.  

Кездесу кезінде облыстық мәслихаттың депутаттары Марина Стрелковская, Айман Оспанова, Ербол Арынов, қалалық мәслихаттың хатшысы Зәуреш Мұқашева Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрайымы алдында қалалық және ауылдық жерлерде қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату, міндетті медициналық сақтандыру қорымен облыстың медициналық ұйымдарын қаржыландыру, құрылыстың сапасы мен қауіпсіздігіне және оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуге қатысты бірнеше мәселелерді көтерді.  

Дариға Нұрсұлтанқызы табиғатты қорғау қызметтерін қаржылық қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды. «Кәсіпорындардан жиналатын табиғатты қорғау қаражаттарының басым бөлігі облыста қалтырылып, нақты табиғатты қорғау іс-шараларына жұмсалатындай шаралар қабылдау қажет», - деді Д. Назарбаева.

Кездесуді Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы Бақыт Бексейітова жүргізді.