Депутаты
Кезектен тыс XXXV сессия
08-11-2019 18:00
Кезектен тыс XXXV сессия

Ағымдағы жылдың 8 қарашасында облыстық мәслихаттың хатшысы Бақыт Бексейітованың төрағашылығымен XXXV кезектен тыс сессия өтті. Сессияға облыс әкімінің бірінші орынбасары Ұлан Еркінұлы Жазылбек, облыс әкімінің орынбасарлары, басқармалар басшылары, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 Сессияда облыстық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу, «Павлодар облысының Құрметті азаматы» атағын беру, облыста ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысына қатысты, халықтың денсаулығы үшін экологиялық тәуекел-факторлары және қоршаған ортаның аймақтың тіршілік етуіне әсерімен  байланысты қауіп-қатерді азайту бойынша шаралар туралы және т.б. 17 сұрақ қарастырылды. Басқармалар басшылары депутаттардың мал шаруашылығы өнімдері көлемінің азаюына, облысымызда қант зауытын салу үшін инвесторларды іріктеуге, ауыз суының сапасын жоғарылату бойынша жоспарланған іс-шараларға қатысты және т.б. сұрақтарына жауап берді.     

Осылайша, облыстық бюджетті түзету мәселесі бойынша депутаттарға облыс экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Тұрлыбаев баяндады. «Республикалық бюджетті нақтылаумен байланысты Павлодар облысына бұдан бұрын бөлінген мақсаттық трансферттер көлемі 2,7 млрд. теңгеге ұлғайды. Олар автомобиль жолдарын жөндеу мен қайта қалпына келтіруге, сумен жабдықтау жүйесін дамытуға, мемлекеттік атаулы көмек төлеуге және мүгедектердің тіршілік ету сапасын жақсартуға жұмсалатын болады. Сондай-ақ, бюджетке жалпы сомасы 2,4 млрд. теңгеге  жеке түсімдердің түзетілуі жүргізілді. Барлығы 4,3 млрд теңге бөлінетін болады, олар әлеуметтік мәселелерді, ТҮКШ, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және т.б. шешуге жұмсалады. Әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру салаларына 400 млн. теңгеден астам қаражат бөлінетін болады. ТҮКШ саласына шамамен 1 млн. теңгеге жуық, көлік инфрақұрылымына 43,2 млн. теңге қаражат жұмсалады.

Қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті және ауыл шаруашылығын қамтамасыз ету үшін 500 млн. теңгеден астам қаражат жұмсау жоспарланып отыр. Осының барлығы облыс тұрғындарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етумен тікелей байланысты әлеуметтік маңызы бар мәселелердің шешілуіне ықпал етеді», - деп атап өтті ол.

Енгізіліп отырған өзгерістер есебімен нақтыланған облыстық бюджет көлемі 214,1млрд. теңгені құрайды, соның ішінде мақсаттық трансферттер және республикалық бюджеттен кредиттер – 88,2 млрд. теңге.

Депутаттар облыстың 8 азаматтарына «Павлодар облысының Құрметті азаматы» атағын беру үшін дауыс берді және мемлекеттік рәміздер, мүгедектер ісі мен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық комиссияларының құрамдарына толықтырулар енгізді. Сессияда сондай-ақ экология және қоршаған ортаны қорғау, аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиялардың атқарылған жұмысы жайлы есептері тыңдалды.

Барлық талқыланған сұрақтар бойынша шешімдер қабылданды.