Депутаты
Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы
22-11-2019 11:57
Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы

Ағымдағы жылдың 20 қарашасында облыстық мәслихаттың хатшысы Бақыт Бексейітованың төрағашылығымен облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі және бюджет жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Басқармалар басшыларынан басқа отырысқа облыс қалалары мен аудандары әкімдерінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарлары шақырылған болатын.  Депутаттар облыста «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасының жүзеге асырылу мәселесін қарастырды.

Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Мәулен Үйсінбаев депутаттарға Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының жүзеге асырылуына мемлекеттік аудит жүргізу нәтижелері туралы баяндады. Ол 12 объект тексерумен қамтылғанын атап өтті. Бұл облыс уәкілетті органдары және  кезікпе тексерумен 5 Халықты жұмыспен қамту орталықтары және Павлодар басқару колледжі мен Ақсу қаласының Ж. Мұса атындағы колледжі. Жалпы, тиісті бюджеттерге  өтелуге (қалпына келтірілуге) жататын аудитпен айқындалған қаржылық бұзушылықтар сомасы 3953,5 мың теңгені құрды. Процедуралық сипаттағы анықталған бұзушылықтар саны 50 бірлік. Бағдарлама әкімшісі тексеру комиссиясымен анықталған бұзушылықтарды жою және бұдан былай болдырмау бойынша тапсырмалар берілді.  

Осы бағдарламаның жүзеге асырылу барысы туралы комиссиялардың бірлескен отырысында облыс жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, білім беру, кәсіпкерлік және сауда, ауыл шаруашылығы басқармаларының басшылары есеп берді. Сондай-ақ, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасының көрсеткіштері төмен болып табылатын Баянауыл, Железин аудандарының әкімдері орынбасарларының және Шарбақты, Ақтоғай аудандары аппараты басшыларының ақпараттары тыңдалды.

Тұрақты комиссиялар Қаулы қабылдады,онда қалалар мен аудандар әкімдеріне және бағдарлама әкімшілеріне бұзушылықтарды жою бойынша ұсынымдар берілді.