Депутаты
XXXVI кезекті сессия
11-12-2019 10:57
XXXVI кезекті сессия

Ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында облыстық мәслихаттың XXXVI кезекті сессиясы өтті, сессияда барысында 11сұрақ қарастырылды. 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет және облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы депутаттарға облыс экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Тұрлыбаев баяндады. Ол «2019 жыл үшжылдық жоспарлы кезеңнің соңғы жылы» болып табылатынын атап өтті және осыған байланысты  2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің жаңакөлемдерібелгіленді. Олар бюджеттік  субвенциялар мен алымдар – кірістердің болжамды көлемі мен жергілікті  бюджеттердің шығыстары арасындағы  айырмашылық ретінде айқындалған. Олар абсолютті көрсеткіште белгіленген және ауылдық деңгейді есепке алмағанда, үш жылдық кезең ішінде өзгертілмейді. Нәтижесінде облыстық бюджеттен аудандар мен Ақсу  қаласына берілетін субвенциялар көлемі 2020 жылы 39,5 млрд. теңге, 2021 жылы – 39,6 млрд. теңге, 2022 жылы – 40,1 млрд. теңге құрайтын болады. Облыстық бюджеттің бюджет алымдары Павлодар және Екібастұз бюджеттеріне белгіленген. 2020 жылы оның көлемі жалпы 47,0 млрд. теңге құрайды, соның ішінде, Павлодардан – 45,5 млрд.теңге, Екібастұздан – 1,5 млрд. теңге. 2021-2022 жылдары облыстық бюджет алымдарының көлемі 49,8 млрд. теңге және тиісінше 50,6 млрд. теңге құрайды. 2020-2022 жылдарға арналған бюджет кірістер мен шығыстар бойынша теңдестірілген, нақты және барлық қабылданған әлеуметтік міндеттемелердің  орындалуын  қамтамасыз етеді, шағын және орта бизнесті қолдау,   аграрлық секторды, ауылдарды сумен жабдықтауды, тұрғын үй  құрылысы, көліктік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту арқылы тұрақты экономикалық өсу үшін жағдай жасауға бағытталған. Жалпы республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы  трансферттерді есепке алумен, 2020 жылға арналған  облыстық бюджет көлемі 222,6 млрд. теңге құрайды немесе ағымдағы  жылғы өсіммен 4%. Түсімдердің негізгі үлесі облыстық бюджетке Павлодар және Екібастұз қалаларынан белгіленген аударымдар нормативі бойынша түскен табыс және әлеуметтік салықтарға келеді. Облыстық бюджеттің  2020 жылғы  әлеуметтік блокқа арналған шығыстары  2019 жылғы нақтыланған бюджетімен салыстырғанда 27% ұлғайтылып, 76,0 млрд. теңге құрап отыр. Көліктік инфрақұрылым саласында ағымдағы іс-шараларға 6,1  млрд. теңге жоспарланды, 2019 жылғы деңгейден 2,4 есе жоғары. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін облыстық бюджетте келесі жылға 11,0 млрд. теңге жоспарланып отыр, бұл ағымдағы деңгейден 1,2 есе жоғары. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге  2020 жылы 7,5 млрд. теңге жұмсау жоспарланып отыр. Депутаттарды ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтауға байланысты, экология және қоршаған орта мәселелері, мүгедектер үшін жеке оңалту бағдарламалары бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге қатысты бюджет жөніндегі мәселелер қызықтырды. 

Сессияда азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы  - депутат Александр Поляков атқарған жұмысы жайлы есеп берді. Депутаттар «Павлодар қаласында төбесі жабылатын жеңіл атлетика манежін салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша 2021-2023 жылдарға арналған мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы шешім қабылдады. Облыстық мәслихаттың 2020 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді, Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, құқық бұзушылықтардың алдын алу және индустриялық даму мәселелері жөніндегі комиссияларына өзгерістер енгізілді. Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі болып Оралов Раздық Уахитұлы тағайындалды.

Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы болып Екібастұз қаласының 31 Оңтүстік сайлау округінен депутат Раис Гайнулин сайланды.