Депутаты
Мәслихаттардың 25-жылдығына орай
30-12-2019 16:54

2019 жыл барлық деңгейдегі мәслихаттардың қызметі үшін маңызды болып табылады. Қазақстанның жергілікті өкілдік органдарына 25 жыл толды. Мәслихаттың әр шақырылымының депутаттары облыстық мәслихаттың жұмысына айтарлықтай үлестерін қосты. Алтыншы сайланған мәслихаттың депутаттары бес шақырылымның сабақтастығын сақтай келе, дәстүрді лайықты жалғастыруда. 2003 жылдан бері үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы сайланған мәслихат депутаттары Касицын Александр, Терентьев Александр өз сайлаушыларының мүдделерін білдіріп, депутаттық корпуста әлі күнге дейін белсенді жұмыс істеуде. 2008 жылдан бастап Гайнулин Раис, Оспанова Айман – төртінші, бесінші, алтыншы сайланған мәслихат депутаттары. 2012 жылдан бастап - Қапенов Қабылқақ, Тұрлыбаев Жанат, Берковский Владимир, Нұрханова Гүлмира, Сыздықов Серім, Бойчин Анатолий, Поляков Владимир, Әбішева Гүлжан – бесінші, алтыншы сайланған мәслихат депутаттары. 

Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 25 жылдығына орай, жергілікті өкілді органдардың қалыптасып нығаюына және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан қомақты үлесі үшін облыстық мәслихаттың депутаттарына «Қазақстан мәслихаттарына 25-жыл» мерекелік медальдар табыс етілді. Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен және «Алтын барыс» төсбелгісімен Айман Оспанова наградталды. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен Романов Роман, Бақауов Марат, Әбішев Қайрат, Бугубаев Марат, Крук Олег, Стрелковская Марина, Сыздықов Серім, Оразбаев Сайлау наградталды. Қазақстан мәслихаттарыреспубликалық қоғамдық бірлестігінің «Құрметті депутат» төсбелгісімен Берковский Владимир, Бойчин Анатолий, Сыздықов Серім, Поляков Александр наградталды. «Nur Otan» партиясының  «Белсенді қызмет үшін» медалімен - Прокопьев Сергей, «Біздің Депутат» Республикалық қоғамдық-саяси газетінің рейтингі бойынша «ҮЗДІК ДЕПУТАТ-2019» төсбелгісімен Гүлмира Нұрханова наградталды.  

Құрметті депутаттар! Наградаларыңызбен құттықтаймыз!