Депутаты
Сенат депутаттары облыс прокуратура қызметкерлерімен кездесті
06-01-2020 17:49
Сенат депутаттары облыс прокуратура қызметкерлерімен кездесті

         ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Мәнап Көбенов пен Нұржан Нұрсипатов ағымдағы жылдың 6 қаңтарында облыс прокуратурасының қызметкерлерімен кездесті. Олар заңнамадағы кіші және орта бизнесті дамытуға, халықты жұмыспен қамтуға, рөлге мас күйінде отырып автомобиль жүргізгені үшін және браконьерлік пен мал ұрлығы үшін жауапкершілікті қатаңдатуға қатысты жаңа енгізілімдер жайлы айтып берді.

      Облыс прокуроры Қайрат Әбдіханов депутаттарды облыста құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыскерлік деңгейін төмендету бойынша заңдылық жағдайы туралы хабардар етті.