Депутаты
ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ АҚСУ ҚАЛАСЫНДА
08-01-2020 11:21
ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ АҚСУ ҚАЛАСЫНДА

Ағымдағы жылдың 6 қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Нұржан Нұрсипатов пен Мәнат Көбенов, Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы Бақыт Бексейітова жұмыс сапарымен Ақсу қаласында болды. Сапар барысында олармен бірге Ақсу қаласы әкімінің міндетін атқарушы Балтабай Қаппасов және Ақсу қалалық мәслихатының хатшысы Мәдениет Омарғалиев жүрді.

Ең алдымен олар салынып жатқан қалалық жылыту қазандығына барды, онда оларды жұмыстар барысы жайлы «KBIEnergy» ЖШС-нің құрылыс жөніндегі директоры Әділбек Сергалиев хабардар етті.

Келесі объект Ақсу қара металлургия колледжі жанындағы 200 орынға арналған Студенттер үйі болды. Оның салтанатты ашылу рәсімі Тәуелсіздік Күні қарсаңында өтті. Жатақханада асхана, кір жуатын орын, жаттығу және би залы бар. Екі орынды әрбір бөлме жеке санитарлық тораппен жабдықталған.

Сенат депутаттары сондай-ақ Ақсу қаласы полиция бөлімінің салынып жатқан жедел басқару орталығына барды. О ходе строительства объекта доложил исполняющий обязанности начальника отдела полиции города Аксу Жандос Айтмухамбетов.