Депутаты
Депутаттар онкология орталығына барды
08-01-2020 16:57
Депутаттар онкология орталығына барды

Ағымдағы жылдың 6 қаңтарындағы жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Нұржан Нұрсипатов пен Мәнап Көбенов жаңа онкологиялық орталыққа барып, оның жабдықталуымен танысты, сондай-ақ өңіріміздің медициналық мекемелерінің бас дәрігерлерімен кеңесу өткізді. Сапар барысында олармен қосы облыстық мәслихаттың хатшысы Бақыт Бексейітова бірге жүрді.

Денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Ардақ Күзековтың айтуынша онкологиялық диспансер базасында облыстағы медициналық туризмнің негізіне айналатын кластерді қайта құру жоспарлануда.

- Жаңа онко-орталық өзінің жабдықталуы мен техникалық мүмкіндігін ескере отырып, тек онкологиялық бейін бойынша ғана қызмет көрсете қоймай, мұнда өзге ұқсас ауруларды емдеу және диагностикалау жүргізілетін болады, – деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласындағы негізгі мәселелер көтерілді. Барлық өзекті мәселелер сенаторлардың жеке бақылауына алынды. Осы кездесу қорытындылары бойынша депутаттар өңіріміздің денсаулық сақтау жүйесіне жоғары баға берді.