Депутаты
Коммуникация мәселелері жөнінде
29-01-2020 17:08

Облыстық мәслихат депутаттарының облыс ауылдық елді мекендерінің сайлаушыларымен кездесуі барысында ұялы байланысының жоқтығы жайлы мәселесі жиі көтеріледі. Қазіргі уақытта облыс бойынша 33 елді мекен  ұялы байланысымен қамтамасыз етілмеген, 83 елді мекендерде тұрақсыз ұялы байланыс сигналы байқалады. 

Осыған байланысты, а.ж. 29 қаңтарында облыстық мәслихаттың хатшысы Б.М. Бексейітованың облыс бойынша ірі ұялы байланыс операторы «Кар-Тел» ЖШС басшылығы С.Г. Омельницкиймен ауылдық елді мекендерді ұялы байланыс көзімен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кездесуі өтті. 

Кездесулер қорытындылары бойынша Меморандумға қол қою және осы мәселені одан әрі бірлесіп шешу үшін Перспективалық жоспар құрастыру жоспарлануда.