Депутаты
Павлодар облыстық қоғамдық кеңесінің қоғамдық маңызы бар мәселелерді мониторингілеуді ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесі туралы
30-01-2020 10:28

2019жылдың 24 қаңтарында Павлодар облыстық мәслихаты сессиясының шешімімен облыстық қоғамдық кеңестің жаңа құрамы бекітілді.

Қоғамдық кеңестің құрамына 15 адам – қоғамдық бірлестіктер мүшелері, 4 – облыстың, қалалардың, аудандардың Құрметті азаматтары, 4 – мемлекеттік органдардың өкілдері, ғылым өкілдері, кәсіпкерлер, төрт партия филиалдарының басшылары,  өзін өзі ұсынғандар.

Төралқа сайланып, төрт тұрақты комиссиялар құрылды.

         Жұмыс жоспарларына сәйкес Қоғамдық кеңестердің отырыстарында қоғамның өзекті мәселелері қарастырылады, белсенділердің, өңірдегі қоғамдық маңызы бар іс-шараларды мониторингілеу жөніндегі сарапшылардың кең тобын тарта отырып, іс-шараларды өткізу тәжірибеленеді.

         2019 жылдың маңызды іс-шараларының бірі медициналық мекемелерді халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға дайындау болды. Аталған мәселені қоғамдық кеңес 2018 жылдың  сәуірінде өз отырысының талқылауына шығарды. Отырысқа денсаулық сақтау вице-министрі, медициналық сақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі облыс қалаларындағы, аудандарындағы штабтар басшылары, сарапшылар, мемлекеттік мекемелер басшылары, кәсіподақтар, Кәсіпкерлер палатасының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды. Жан-жақты әрі терең талқылау барысында облыстың медициналық ұйымдарының аталған жұмысты жүргізуге деген дайындығы толық емес көлемде екендігі анықталды.