Депутаты
Депутаттар «Әуеқалашық» кенті тұрғындарының жиынын өткізді
25-02-2020 14:40
Депутаттар «Әуеқалашық» кенті тұрғындарының жиынын өткізді

    Облыстық мәслихаттың және қалалық мәслихаттардың депутаттары Анатолий Бойчин және Айнар Оспанов ағымдағы жылдың 24 ақпанында  «Әуеқалашық» кенті тұрғындарының жиынын өткізді. Оған Кенжекөл ауылдық округінің әкімі, Павлодар қаласы әкімдігінің ТҮКШ және жер комитеті бөлімдерінің басшылары шақырылды. Көбінесе кент тұрғындары екі өзекті мәселеге тоқталды. Солардың біреуі жарық үшін төлемге қатысты. Бұдан бұрын олар әуежайдың өзінен қамтамасыз етілетін, ал осы жылы тендерді алматылық фирма «Алтын Энерго Сервис» ЖШС ұтып алған. Тұрғындар депутаттарға «Олар біздерді қалай қамтамасыз етеді және неліктен олардың тарифтері қаладағымен салыстырғанда жоғары»? деген сұрақтар қойды.

    Екінші мәселе кенттің өзіндегі Кенжекөл ауылына дейінгі автомобиль жолдарын жөндеуга қатысты, өйткені күн сайын балаларын сонда мектепке апарып жүреді. Одан гөрі, қысқы кезеңде тұрғындар өз қаражаттары есебінен автомобиль жолдарын тазалау үшін техника жалдауға мәжбүр.

   Депутат Анатолий Бойчин бұл жағдайды былай деп түсіндірді: «Мен кент тұрғындарымен осы екі мәселе бойынша келісемін.Олар қала шетінде тұрса да, барлығы сияқты бюджетке салық төлейді және қала тұрғындарындай қоғам игіліктерін пайдалануы тиіс. Осы мәселелерді шешу үшін қала әкіміне жүгініп, «Әуе қалашық» бойынша арнайы кеңесу өткізетін боламыз.