Депутаты
Облыстық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы
28-02-2020 15:15
Облыстық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

    Облыстық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Александр Поляковтың төрағашылығымен өткен отырыстың басты тақырыптары – облыс түзету мекемелерінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және «Еrtіs – adaldyq alańy» жобалық офисінің 2019 жылы атқарған жұмысы туралы мәселелері.

     Отырысқа облысбойынша ҚАЖ департаменті басшысының орынбасары Дәулет Искаков қатысты. Депутаттар алдында сөз сөйлей келе, ол, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі қажеттіліктің қоғамның тіршілік әрекетінің барлық салаларында бар екенін атап өтті, дегенмен түзету мекемелерінде оның мәні аса зор. Депутаттар осы мәселе бойынша түзету мекемелерінің қызметіндегі тәрбиелеу және әлеуметтік-психологиялық бағытты дамытуға мақсатталған бірқатар ұсыныстар жасады.      

     Сондай-ақ, отырыс барысында облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ернұр Дәуеновтың Павлодар қаласында көшелерді қайта атау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы, облыс ауылдарының және мектептердің атын өзгерту туралы ақпараты тыңдалды. Депутаттар жоғарыда аталған тақырыптар бойынша қажетті іс-шаралар жүргізуді және олар бойынша материалдарды облыстық мәслихат сессиясының қарауына енгізуді ұсынды.  

   Отырыс қорытындылары бойынша тұрақты комиссия  депутаттардың ұсыныстары мен ұсынымдарын ескере отырып, бірауыздан тиісті қаулылар қабылдады. Мәселелер кезекті 38 сессияда талқылау үшін шығарылды.