Депутаты
Қар шығару мәселесі депутаттық бақылауда
28-02-2020 17:19
Қар шығару мәселесі депутаттық бақылауда

     Облыстық мәслихаттың депутаты, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі Түсіпбекова ҚарлығашМай ауданының Кентүбекжәне Малайсары  ауылдарында қар тазалау бойынша жұмыстар жағдайын зерттеді.

  Депутат ретінде, оған, ауыл тұрғындары өз өтініштерімен жиі келіп тұрады. Сайлаушыларды көбінесе алаңдататын қазіргі басты мәселе қар проблемасы. «Осыған байланысты мен әлеуметтік объектілер маңайындағы аумақтардың, ауылдарда көшелердің тазалануын, қардың шығарылуын байқадым», - деп атап өтті Қарлығаш Жеңісқызы. Ол ауылдық округтердің әкімдерімен, ТҮКШ өкілдерімен кездесіп, олардың назарларын сапа мен жеделдікке аударды.

     Осы ауылдарда қазір неғұрлым тазалық орнағанын атап өту қажет.

   Ауылдарда қар тазалау мен шығару мәселесін депутатқысқы мезгілдің аяқталуына дейін өз бақылауында ұстайды.