Депутаты
Депутаттардың кездесулері
06-05-2020 18:18

Онлайн форматта облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Стрелковская Марина және Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Қожин Қобланбектің «Eco Jer» Қазақстандық экологиялық аймақтық бастамалар қауымдастығы» ЗТБ басшысы Ляззат Рамазановамен кездесуі өтті.

Стрелковская Марина облыстың барлық деңгейдегі депутаттарымен экологиялық мәселелер бойынша жүргізіліп жатқан жұмысы жайлы бөлісті. Олар қоршаған ортаны қорғау бойынша ағымдағы жағдай, проблемалары мен шешу жолдары туралы, «таза су», «таза ауа», «таза жер» сияқты маңызды аспектілерге қол жеткізуге бағытталған жаңа Кодекс нормаларын енгізгеннен кейін осы мәселелердегі күтілетін өзгерістер туралы пікір алмасты. Кодекс жер қойнауын пайдаланушыларды және өнеркәсіптік кәсіпорындарды еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «жасыл» технологияларды енгізуге ынталандыратын болады. Депутаттар жаңа Кодекстің қабылдануымен бірыңғай экологиялық саясат әзірленетініне сенімді.