Депутаты
Құрметті соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері! Құрметті жерлестер!
07-05-2020 12:10

      Жеңіс Күніне орай шын жүректен құттықтауларды қабыл алыңыздар.

   Осы жылы біз 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 75-жылдығын атап өткелі жатырмыз.

    Мамырдың осы жылы күндері біз Отанымыздың бейбітшілігі үшін өмірлерін отқа салып, жерін жаудан қорғаған майдангерлерді ерекше ризашылықпен еске аламыз. Бұл – Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен қажыр-қайратының ең айтулы мерекесі.

    Ерліктің ерен үлгісін танытқан соғыс ардагерлеріне және тыл еңбеккерлеріне алғысымыз шексіз.

  Жеңімпаз жауынгерлердің алдағы ұрпақтың бақыты мен бостандығы үшін, бүгінгі бейбіт күн үшін жасаған ерліктері мәңгі ұмытылмайды.

    Осы күні Сіздерге денсаулық тілей отырып, үйлерімізде әрқашан бейбітшілік пен игілік болғанына тілектеспіз.

     Ұлы Жеңіс Мерекесімен!

                                                                           Облыстық мәслихаттың депутаттары