Депутаты
Әрбір оқырманға кітап
15-05-2020 12:28
Әрбір оқырманға кітап

Облыстық мәслихаттың депутаты, Май ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесінің директоры Түсіпбекова Қарлығаш «Кітаптерапия» облыстық жобасын белсенді жүзеге асыруда. Жоба аясында кітапханашылар кітаптарды әрбір оқырманға тура үйіне жеткізеді. Бүгінгі күнге 70 отбасы барлығы 156 кітап алды. Оқырмандар жаңадан енгізілген мұндай акцияға өте риза.

Төтенше жағдай мен карантин кезеңінде кітапхана әдебиеттік сайыстарға қатысуға, оқу залын пайдалануға, кітаптарды пайдалану мерзімін ұзартуға мүмкіндік беретін онлайн режиміне бейімделуді жалғастыруда. «Балаларға базарлық» атты балаларға арналған Ютуб-каналы қолжетімді. Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 75-жылдығына арналған «На сцене – Книга» жобасы бойынша М.Мағауиннің «Дети одного отца» атты кітабын атат өту қажет, онда мәдени қызметкерлер мен кітапханашылар өз күштерімен және көркем өнерімен әскери ерлік атмосферасын жеткізген. Жеңіс Күнін мерекелеу қарсаңында депутат тыл еңбеккерлерін құттықтап, оларға «Ұлы Отан Соғысындағы Жеңіске 75-жыл» медальдары мен сыйлықтар табыс етті.

Қазіргі уақытта өлкетану әдебиеттерін цифрлау бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр. 3136 құжаттар сандық нысанға көшірілді, солардың ішінен 474 - сирек кездесетін кітаптар мен өлкетану басылымдары орын алды.

Қарлығаш Түсіпбекова  қызметінде өзі үшін бастысы өскелең ұрпақты рухани-өнегелік тәрбиелеу және жерлестерін әдебиет пен өнер әлеміне баулу деп санайды. «Біздің кітапхана әдебиетті насихаттаудың түрлі формалары мен әдістерін пайдалана отырып, одан әрі оқырмандарды тартуға, соның ішінде оқырмандардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып, кітапханалық қызмет көрсетуді жетілдіруге ниеттенеді», - деп атап өтті Қарлығаш Түсіпбекова.