Депутаты
Қазандық салу депутаттардың бақылауында
19-05-2020 17:12
Қазандық салу депутаттардың бақылауында

Облыстық мәслихаттың «NurOtan» фракциясының төрайымы депутат Айман Оспанова және партиялық бақылау комиссиясы ауыл ішінде жылу трассасы бар қазандық құрылысы бойынша нақты жағдаймен танысу үшін Новочерноярка ауылына сапар шекті. «NurOtan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің Павлодар облысына өткен жылғы сапары барысында ол Новочерноярка ауылының тұрғындарымен кездескен болатын. Сонда олар осы мәселе жайлы сұрақтар қойып, оның шешілуін талап еткен. Халық саны 1272 адамды құрайды (474 аула). Облыстық бюджеттен осы мақсатқа сомасы 507,6 млн. теңге қаражат бөлінді. Қазандық құрылысы «Ай-Су Мелиорация» ЖШС мердігер ұйымымен осы жылдың сәуір айында басталып, ағымдағы жылдың қараша айында аяқталуы жоспарлануда. «Қазіргі уақытта, мердігер ұйымының директоры Валерий Левченко баяндағандай, 250 метр құбыр желісі төселді, 820 метр ор қазылып, қазандық ғимаратының құрылысына арналған алаң дайындалған. Барлық жұмыстар қатаң түрде кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр». Аталған жылу трассасы бар қазандық орталықтандырылған жылумен жалпы көлемі 15000 ш. м 16 көп пәтерлі тұрғын үйлерді, жалпы көлемі 10000 ш. м 5 бюджеттік ұйымдарды және жалпы көлемі 4300 ш. м жеке секторды (73 аула) қамтитын болады. Болашақта осы модульдік қазандық тағы 8000-10000 ш. м. жеке секторды қамтуға мүмкіндік береді