Депутаты
Дер кезінде көмек
22-05-2020 16:21
Дер кезінде көмек

Облыстық мәслихаттың депутаты Бугубаев Марат қайырымдылық көмек көрсету бойынша «Біз Біргеміз»акциясына қатысып, қорға жеке қаражаттарынан 100 мың теңге салды. Депутаттұрақты негізде Ақсу қаласында тұратын көп балалы ана О. Бойкоға көмек көрсетіп отырады. Бұл отбасын Марат Асхатұлы екі жылдан бері біледі. Оларды назардан тыс қалдырмайды, балаларына жазғы демалыс ұйымдастырып, азық-түлік, дәрі-дәрмекпен көмек көрсетеді. Қазір де карантин кезеңінде отбасы депутатты тұрақты қарауында. Марат Асхатұлы карантин кезеңінде сондай-ақ көп балалы ана А.Т. Туркпеноваға  алғашқы қажетті азық-түлік жинағын табыс етті.

    Ағымдағы жылдың мамыр айында Ақсу қаласы Строителей 34 көшесінде тұратын, мектепке дейінгі жастағы үш баласы бар Алехиндер отбасы қайғылы оқиғаға ұшырады – өрт шығып баспанасы жанды. Марат Асхатұлы бұл жағдайға дер кезінде қол ұшын беріп, Алехиндер отбасының есепшотына жеке қаражаттарынан 100 мың теңге аударды. 

    Қиын жағдайға әркім ұшырауы мүмкін. Сондай жағдайға тап болған адамға өте қажет қамқорлық пен қолдаудың куәлігі – бұл Марат Бугубаевтың игі істерінің үлгісі.