Депутаты
Екібастұз қаласындағы Жұмыспен қамту жол картасы
01-06-2020 11:02
Екібастұз қаласындағы Жұмыспен қамту жол картасы

        2020 жылдың 28 мамыр күні Екібастұз қаласында облыстық мәслихаттың хатшысы Бақыт Бексейітованың басшылығымен депутаттардан тұратын және құрамында жұртшылық саны бар мониторингтік топтың Екібастұз қаласы бойынша Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде жобалардың жүзеге асырылу барысы жайлы кеңесуі өтті. Кеңесуге қала әкімінің орынбасарлары, қалалық әкімдік бөлімдерінің басшылары, объектілер басшылары қатысты.

          Кеңесу барысында Бақыт Мақанқызы топ мүшелерімен мониторинг жүргізу регламенті мен ұсыныстарды талқылады, жобалар бойынша ағымдағы жағдайға тоқталды, олардың іске асырылу барысы бойынша ескертулерді айтып өтті.

    Сол күні мониторингтік топ қаланың бірқатар объектілерін аралап, «Жасыбай» балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КМҚК үлкен және кіші бассейнін, витраждары мен терезе ойықтарын күрделі жөндеу жұмыстарымен (мердігер «Вершина» ЖШС), 9-шы шағын ауданында алты 9 қабатты тұрғын үйлер құрылысы барысымен («Гидропром» ЖШС (қосалқы мердігер «Нұр Астана Құрылыс» ЖШС), М. Жүсіп көшесі, 157 мекенжайындағы кварталіші аумақтарының ағымдағы жөндеу жұмысымен (мердігер «Вершина» ЖШС) танысты. Мердігер ұйымдардың өкілдері жұмыстардың орындалу барысы туралы хабарлады, кездесу барысында басшыларға ұсыныстар берілді.

            Екібастұз қаласы бойынша Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде 39 жоба іске асырылып жатқанын атап өту қажет. Олардың барлығы  депутаттық және қоғамдық бақылауда  болады.