Депутаты
Тұрақты комиссия отырысынан
09-06-2020 18:01
Тұрақты комиссия отырысынан

Ағымдағы жылдың 8 маусымында облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Марина Стрелковская кезекті отырыс өткізді. Отырыс барысында жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2020 жылға арналған төлемақы ставкаларына қатысты, қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату, құрамында сынап бар контейнерлер жағдайы, Павлодар қаласында жасыл екпелерді салу және оларды күту мәселелері қарастырылды.

Бірінші сұрақ бойынша депутаттарға облыс жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы басшысының орынбасары Әйгерім Қабылтаева баяндады. Ол Салық және Су кодекстеріне сәйкес, сондай-ақ мөлшерлемелерді есептеу әдістемесі негізінде  жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2020 жылға арналған төлемақы ставкалары әзірленгенін атап өтті. Төлемақы мөлшерлемелері мүдделі аумақтық органдармен және облыстық басқармалармен келісілді. Қоғамдық бірлестіктердің және облыс кәсіпкерлерінен жағымды сараптамалық қорытындылар алынды. Қарастыру қорытындылары бойынша комиссия мүшелері мәселені сессия енгізуді ұсынды.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату, құрамында сынап бар қалдықтарға арналған контейнерлер жағдайының және Павлодар қаласында жасыл екпелерді салу және оларды күту мәселесі бойынша қала аумағында 7 кәсіпорын: солардың ішінен 1 – ҚТҚ жинау және шығару бойынша, 1 – ҚТҚ қабылдау және көму бойынша, 3- ҚТҚ өңдеу бойынша және 2 – шиналар мен компьютерлерді жою бойынша жұмыс істейтінін атап өту қажет. Талқылау барысында депутаттар халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, осы салада кәсіпорындар санын одан әрі кеңейту үшін бизнес тартуды,  еріктілер қозғалысын дамытуды ұсынды.

Көгалдандыруға қатысты депутаттарды қазіргі уақытта қоршалған тал-шіліктер мен теректерді қырқу, бұталарды қалыптау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқаны жайлы хабардар етті. Күнделікті негізде саябақтарда ағаштарды, гүл бақтарын, қала көшелерін  суару жүргізіледі. Гүл отырғызу бойынша жұмыстар қаланың 62 учаскелерінде жүргізілуде.Күн сайын таңертең және кешкі уақытта оларды суару жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта бұдан бұрын отырғызылған, тамыр салмаған өсімдіктердің орнын шөптеп, сол учаскелерге гүл отырғы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Депутаттар Павлодар қаласы әкімдігінің назарын көгалдандыру, екпелерді күту, оларды қалпына келтіру бойынша қалыптасқан проблемаларға аударды. Өкінішке орай, осы мәселелер соңғы уақытта павлодарлықтардың шағымдарын жиі тудыратын болды.

Қарастырылған мәселелер бойынша комиссия ұсынымдар қабылдады