Депутаты
Қоғамдық кеңестің экономика және бюджет жөніндегі комиссиясының отырысынан
10-06-2020 12:57

  Ағымдағы жылдың 9 маусымында экономика және бюджет жөніндегі комиссияның отырысы өтті, онда Жұмыспен қамту жол картасын одан әрі тиімді іске асырумен байланысты облыстық бюджетке деген өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылды. Бұдан бұрын жоспарланған қаражаттар шегінде жобалар пулы түзетілді.

      Одан гөрі, «Ертіс футбол клубы» Қоғамдық қорының 2020 жылғы Премьер-Лига клубтары арасында футболдан республика чемпионатында қатысудан бас тартуына байланысты  облыстық бюджеттік комиссия шешімі бойынша ағмдағы жылы сомасы 1.3 млрд. теңге футболды дамытуға көзделген шығындар оңтайландырылды.

    Ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында қоғамдық кеңестің отырысында спорттық қозғалысты дамыту, спорт басқармасының салауатты өмір салтын насихаттаудағы ұйымдастырушылық рөлі мәселелерін қарастыру ұсынылды.   

    Сондай-ақ, бюджетке деген өзгерістерді қарастыру барысында коронавирус пандемиясымен байланысты ММСҚ емдеу мекемелерінің шығындарын төлемейтіндіктен осы аурумен науқастарды емдеуге бюджеттен қаражат бөлуді көздеу ұсынылды. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы И.П. Назарчуктың берген түсініктемесі бойынша республикада осы дертке қатысты қызмет көрсету үшін төлемдер механизмі әзірленбеген.  

      Денсаулық сақтау басқармасына Денсаулық сақтау министрлігіне және Үкіметке емдеу мекемелерінің коронавирус ауруымен науқастарды емдеу үшін жұмсалған шығындарын өтеу жөнінде тарифтер мен есептеулерді айқындау бойынша хат жазу ұсынылды.