Депутаты
23 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күні
22-06-2020 16:39
23 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күні

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген мерекелік күндер тізбесінде 23маусым - Мемлекеттік қызметшілер күні болып белгіленген. Осы күні өзінің жоғары кәсібилігімен және ұзақ жылғы мінсіз қызметімен әріптестерінің, халықтың және қоғамның көңілінен шығып, құрметке иеболған мемлекеттік қызметшілер туралы айту әділ. Мұндай сөздерге мемлекеттік қызметте 29 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан Николай Петрович Чудовский лайық. Оның бүкіл еңбек қызметі Павлодар облысымен байланысты. Ұзақ уақыт бойы Николай Петрович Павлодар қалалық жұмыспен қамту орталығында директордың орынбасары ретінде, Павлодар қалалық және облыстық әкімшілікте, Павлодар қаласы әкімінің баспасөз-хатшысы, облыс ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет етті. 2005 жылдың наурызынан бастап облыстық мәслихаттың ұйымдастыру бөлімінің басшысы лауазымында жұмыс істеп келеді. «Павлодар облысы мәслихатының аппараты» ММ-нің алғашқы кәсіподақ ұйымының төрағасы болып табылады. Оны өзіне және әріптестеріне деген талапшылдық, жүйелілік және, әрине, құзыреттілік, кәсібқойлық ерекшелендіреді. Депутаттық корпус, қазіргі әріптестері және түрлі жылдары онымен бірге қызмет еткендердің барлықтары оның ерекше адамгершілік қасиеттері ретінде оның  қоршаған адамдарына қамқор бола білуін, көмекке дайын тұруын, қиын уақытта қолдау көрсете білуін белгілейді.

Чудовский Н.П. Министрліктер мен ведомстволардың мерекелік медальдары мен грамоталарына ие. Биыл сәуір айында ол 60 жасқа толды, соған байланысты ұзақ жылғы адал еңбегі үшін Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Облыстық мәслихаттың депутаттарыжәне аппараты Сізді, құрметті  Николай Петрович, шын жүректен Мемлекеттік қызметшілер Күнімен құттықтайды!