Депутаты
Сенатормен кездесу
03-08-2020 17:08
Сенатормен кездесу

 

2020 жылғы 03 тамызда Екібастұз қаласына жұмыс сапарымен Павлодар облысынан Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты, халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Н.Нұрсипатов келді. Сапар қалалық мәслихат хатшысы Б.Куспековтың қатысуымен  қала әкімі Е.Иманзаипов және оның орынбасарларымен  кездесуден басталды. Сонымен қатар сенатор Екібастұз қаласы мәслихаты аппаратының ұжымымен кездесті.

Сенатор қалалық мәслихат хатшысы Б.Куспековпен қаланың бірқатар кәсіпорындары мен ұйымдарына барды. Павлодар облысы бойынша ҰҚКД Екібастұз қалалық басқармасының жеке құрамымен кездесті, онда  ҚР Сенатының заң шығару қызметі мәселелері талқыланды.

Келесі барған нысан «Жасыбай» БЖСМ болды, онда Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша үлкен және кіші бассейндерді, сондай-ақ витраждар мен терезе ойықтарын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарының барысымен «Вершина» ЖШС мердігерлік ұйымының өкілі А.Қуанышев таныстырды.

«Green Pharm» дәріханасында менеджер М.Нурсапинова  сенаторды дәріхана жұмысымен таныстырды және бүгінгі күні дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде проблемалар жоқ екенін атап өтті. Депутат дәрі-дәрмектердің бағасын сұрады.

«Гидропром» ЖШС қосалқы мердігерлік ұйымының директоры И.Культуманов  қаланың 22 шағын ауданында 9 қабатты бес тұрғын үйдің құрылысымен,оның үшеуі Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша салынуда,  таныстырды. Үйлердің құрылысы кестеге сәйкес жүргізілуде.

Одан әрі сенатор Энергетиктер көшесі, 37/1 үйде орналасқан жақында ашылған екінші халыққа қызмет көрсету Орталығында болды.Қала халқы санының өсуіне байланысты оны ашу қажеттілігі әлдеқашан пісіп-жетілген мәселе болатын. Жаңа бөлімде операциялық зал және дайын құжаттарды беру секторы орналасқан.

Сапар барысында Н.Нұрсипатов Екібастұз қалалық теледидарының  жергілікті телеарнасының тілшісіне шағын сұхбат берді. Сенатордың Павлодар облысына сапары Баянауыл ауданына барумен жалғасады.