Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
БІЗ БІРГЕМІЗ
04-05-2020 12:34

Аққулы Ауданда ірі шаруа қожалықтарының бірі облыстық мәслихаттың депутаты Жанат Тұрлыбаев басқаратын "Ардақ" ШҚ болып табылады. Қазір шаруашылық бүкіл аграрлық сектор сияқты көктемгі-дала жұмыстарымен айналысуда. Коронавирус кесірінен қалыптасқан төтенше жағдайға және карантинге қарамастан барлық жоспарланған жұмыстар мерзімінде өткізіліп жатқанын атап өту керек,  сұлы егу аяқталуда, содан кейін жылдан жылға жақсы өнім беретін тары мен судан шөптерін дәстүрлі егу басталады. Егіннің негізгі бөлігі  жеке қажеттіліктерге пайдаланылады, өйткені шаруа қожалығы егін шаруашылығымен қатар мал шаруашылығымен айналысады. Айтпақшы, ауқымды дайындық жұмысы қысқы кезеңде жүргізілді. Жаңа маусымға техника мұқият дайындалып, қазір ол ақаусыз жұмыс істейді. Соған қоса жаңартылған ауыл шаруашылық техникасы да бар.Тұқым элиталық тұқым шаруашылықтарынан сатып алынады. Кәсіпорын көктемгі-егістік жұмыстарын жүргізу үшін инвестициялық субсидиялар түрінде жақсы мемлекеттік қолдауға ие болды, сондай-ақ арзандатылған тыңайтқыштар, гербицидтер, жанар-жағар май түрінде көмек алды.

     Жанат Кажатұлы атап өткендей, ауыл шаруашылық жұмыстарының барлық түрлері тиімді мерзімдерде жүргізіледі. Жалпы, шаруа қожалығы жақсы агротехникаға ие. Көктемгі егістік жұмыстар маусымы жаңа ғана басталып келеді және күздің аяғына дейін созылады. Оның қауырт болатыны сөзсіз. «Ардақ» шаруа қожалығында барлық жұмыс орындары сақталған. Жалақы 10-14 пайызға ұлғайтылды. Карантин кезеңінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталып жатыр. Қызметкерлер толық көлемде қажетті қорғау құралдарымен қамтамасыз етілуде.

     Депутат ретінде Жанат Тұрлыбаев осы қиын кезеңде өз сайлаушыларына көмек көрсетуден тыс қалмады. «Біз біргеміз» акциясы аясында аса мұқтаж азаматтарға азық-түліктік пакеттер табыс етті, ақшалай қолдау көрсетті. Әрине, бұл жұмыс оның күнделікті бақылауында, қолдау мен көмек көрсету одан әрі жалғастырылатын болады