Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Шаруалардың қамқорлығы
29-04-2020 12:37

Облыстық мәслихаттың депутаты Сайлау Уразбаев басқарып отырған Ертіс ауданындағы «Уразбаев» шаруа қожалығында қазіргі мезгілде көктемгі-егістік жұмыстарына белсенді дайындық басталды. Ылғалды жабу бойынша жұмыстар жүргізіліп, ауыл шаруашылық техникасы дайындалуда. Мамыр айының ортасынан бастап егін егу басталады. Сайлау Уразбаев атап өткендей, «биылғы көктемгі науқан коронавирус пандемиясы себеп болған төтенше жағдай режимі  мен карантин жағдайында өтіп жатыр. Президентпен қойылған тапсырмалардың аграрлық сектордағы үлкен маңыздылығы мен өзектілігін атап өткім келеді. Бірінші кезекте, олар көктемгі-егістік жұмыстарын уақытында жүргізумен, шаруа қожалықтарын қолдауға бағытталған шаралар кешенімен байланысты. Азық-түліктік қауіпсіздікпен байланысты жағдайдың маңыздылығын түсіне отырып, біз әрбір күнді тиімді пайдаланамыз». Шаруашылықта барлық жұмыс орындары толық сақталған. Жалақы 10 пайызға көтерілді және уақытында беріледі. Шаруалардың қауіпсіздігі үшін кәсіпорында бетперделер, антисептикалық құралдар беріледі. Өндірістік жайларға кірер алдында зарарсыздандыратын тосқауылдық аймақ қамтамасыз етілген.

     Депутат өз сайлаушыларының жеке санаттарына қайырымдылық көмек көрсетуде. Осылайша, 10 мүгедектерге азық-түлік пакеттері табыс етілді, жұмыссыздар үшін үйде отырып жұмыс істеу мүмкіндігі қамтамасыз етілді: бетперделер тігу үшін тегін мата беріледі және оларды сатудан түсетін табыс тігіншілерде қалады.

    Қазақстан Республикасы Президенті атап өткендей, бүкіл әлем бұрын-соңды болмаған күрделі жағдаймен бетпе-бет келіп отыр. «Уразбаев» шаруақожалығының қызметкерлері қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарап, ұстамдылық пен сабырлық танытып өз жұмысын одан әрі атқаруда.