Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ
28-08-2020 15:48
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында облыстық мәслихаттың хатшысы Бақыт Бексейітова Конституцияның 25 жылдығына байланысты облыстық мәслихаттың VI сайланған депутаттарына, мемлекеттік қызмет ардагеріне, облыстық мәслихаттың III және IV сайланған хатшысы Ринат Гафуровқа, облыстық Қоғамдық кеңестің хатшысы Роза Шәмкеноваға және мәслихаттың жауапты қызметкерлеріне «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медальдарын табыстады. Ол облыстық мәслихаттың барлық сайланымдардың депутаттары Ата заңның ережелерін іске асыруға өздерінің елеулі үлестерін қосқанын және қосып жүретінін, конституциялық талаптарды түсіндіру және ілгерілету бойынша үлкен жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Ол Сіздердің әрқайсыңыз оның әрбір нормасын мүлтіксіз сақтаудың үлгісі болып табылады деп ерекшелеп өтті.

Медальдарды табыс еткеннен кейін Бақыт Мақанқызы барлық марапатталғандарды мерекемен тағы да құттықтап, отбасыларына, кәсіпорындар мен ұйымдарға денсаулық, табыс, жақсылық және өркендеуді тіледі.