Депутаты
Баянауылдағы қоршаған ортаны қорғау мәселелері туралы
10-09-2020 18:08
Баянауылдағы қоршаған ортаны қорғау мәселелері туралы

А.ж. 9 қыркүйекте Марина Стрелковскаяның төрағалығымен облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелері, депутаттар Баянауыл ауданына қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша сапармен барды.

Тұрақты комиссияның мүшелері Баянауыл ауданының әкімі Қ.С. Кәрімовпен кездесті, оның барысында экология мәселелері, Ұлттық парктің жағдайы, сондай-ақ қоқыс полигоны бойынша әңгіме өтті. Кездесу барысында депутаттар туристік саладағы сервис сапасын жақсарту жөнінде пікір алмасты.

Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында Жасыбай демалыс аймағының, Торайғыр көлі жағалауының аумақтарын абаттандыру жұмыстары жүргізілгенін атап өту керек. 10 бірлік санитарлық-гигиеналық тораптар және т.б. орнатылды.

Ұлттық парк бойынша бірқатар табиғат қорғау іс-шараларының, атап айтқанда Баянауыл ауылында су бұру, Жасыбай көліндегі демалыс үйлеріне дейін сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу, Баянауыл ауылында Лекер ауылына қарай ҚТҚ полигонын салу, Баянауыл ауылының қоқыс тастайтын үймесінің орнын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгізілгені қуантады.  

Мемлекеттік органдардың өкілдері, атап айтқанда, облыс бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Б.Т. Әлиев, облыс бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Д.Е. Исжанов, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы М.А. Регатунова, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры С.Б. Ахметжанов қатысқан жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Баянауыл ұлттық паркінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы сақтау, ТҚҚ кәдеге жарату проблемалары бірлесіп талқыланды, ұсынымдар пысықталды.