Депутаты
Экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері туралы
11-09-2020 16:31
Экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері туралы

Марина Стрелковскаяның төрағалығымен облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті, онда облыс бойынша 2020 жылға арналған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы, облыстағы экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарын іске асыру туралы және осы жылы Павлодар қаласында көгалдандыру, жасыл қорды сақтау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәселелер қаралды.

Салық және Су кодекстеріне сәйкес, сондай-ақ ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен бекітілген ставкаларды есептеу әдістемесі негізінде облыстың жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын әзірледі. Комиссия мүшелері оларды қарап, мәселені сессияға шығару туралы шешім қабылдады.

Экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарының орындалуы облыстың жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының тұрақты бақылауында тұр. Павлодар алюминий зауытында тозаң шығарындыларын 13 пайыздан астам төмендетудің жоспарланған экологиялық әсері бар күйдіру цехының пештеріндегі қолданыстағы электр сүзгілерін кезең-кезеңімен ауыстыру жұмыстары басталды. Жалпы, ұзақ мерзімді жоба 8 электр сүзгісін ауыстыруды қарастырады. Бүгінгі күні 1-ші және 2 – ші электр сүзгілерінде жұмыстар аяқталды (2 сүзгіні ауыстырудың экологиялық әсері – жылына 2376 тонна шаң шығарындыларын азайту, 8 сүзгіні ауыстырудан – жылына 9200 тонна). Сонымен қатар, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар тарапынан облыс әкімдігімен жасалған меморандум аясында атмосфералық ауаны бақылаудың автоматтандырылған станцияларын орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Нысаналы индикаторға қол жеткізу үшін халық арасында тұрмыстық қоқысты бөлек жинауды енгізу, полигондар жанынан сұрыптау желілерін орнату жөніндегі бірқатар шаралар көзделеді, бұл облыста қайталама шикізат нарығын дамытуға және орналастырылатын қалдықтардың көлемін қысқартуға мүмкіндік береді.

Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Марат Зеновтың ақпараты бойынша 2019 жылы 5 135 дана көлемінде жасыл желектерді өтемдік отырғызу жүргізілді. Қазіргі уақытта олар қолайсыз ағаштарды ауыстыру жұмыстарын жүргізуде. Биылғы жылдың күзінде бұл жұмысты Усолка шағын ауданында, «Ertis Olimpic» бассейнінің аумағында, № 1 автожолда, сондай-ақ ағаштар мен бұталар бұзылған учаскелердің іргелес аумақтарында қайтадан ұйымдастыру жоспарлануда. Өтемдік отырғызуларды С. Торайғыров атындағы ПМУ, А.М. Канаева ЖК, «Форте банк» АҚ, «Павлодар көлік және коммуникация колледжі» КМҚК, «ПРЭК» АҚ, «Тим-Баг» ЖШС, А.А. Абакашева, «Павлодар жылу желілері»  ЖШС жүргізілді.

Отырыстың қорытындысы бойынша тұрақты комиссияның шешімдері қабылданды.