Депутаты
МЕРЕЙТОЙМЕН ҚҰТТЫҚТАУ
24-09-2020 18:16
МЕРЕЙТОЙМЕН ҚҰТТЫҚТАУ

Облыстық мәслихат депутаттары өз әріптесін –  Айман Қайыркенқызы Оспанованы 60 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Ол 30 жылдан астам облыстың емдеу ұйымдарында қызмет етуде, оның ішінде 17 жыл облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері. Ол үш сайланымның депутаты болып сайланды. Павлодар облыстық мәслихатының «Нұр Отан» депутаттық фракциясының басшысы болып табылады. Облыста қоғамдық саяси жұмысты белсенді жүргізеді, «Нұр Отан» партиясының Ана мен баланы қорғау мәселелері жөніндегі сайлауалды тұғырнамасын іске асыру бойынша куратор болып табылады. «Ерен еңбегі үшін» медалімен, мерейтойлық медальдармен, салалық белгілермен және грамоталармен марапатталған. Айман Қайыркенқызы Қазақстан Республикасының «Денсаулық сақтау ісінің үздігі».

Облыстық мәслихат тарапынан оған экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Анатолий Бойчин алғыс хатты табыс етті.