Депутаты
Ардагерлерді құттықтау
29-09-2020 17:15
Ардагерлерді құттықтау

Жыл сайын 1 қазанда біздің облыста Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінен 25 қазанына дейін «Қамқорлық» қайырымдылық айлығы өткізіледі. Осы кезең ішінде қарт адамдарға, әсіресе соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне ерекше көңіл бөлінеді. Облыстық мәслихаттың аппараты дәстүрлі түрде осы мереке қарсаңында өз ардагерлеріне азық-түлік жиынтықтарын тарту етті.

Облыстық мәслихат хатшысы Бақыт Бексейітова Ұлы Отан соғысының ардагері Вячеслав Владимирович Чернышевті үйіне барып, құттықтады. Ол ардагерге мерекелік азық-түлік жиынтығын табыс етті. Ардагер 1-ші Белорус майданында соғысып, Варшавадан Берлинге дейінгі әскери жолды өткерді. Бейбіт уақытта Вячеслав Владимирович біздің облыстың білім беру жүйесінде жұмыс істеді және Павлодар қаласының №3 гимназиясынан құрметті демалысқа кетті .

«Зайыбыңыз Татьяна Ивановнамен бірге бақытты, әрі ұзақ ғұмыр кешіңіз. Сіздерді әрдайым қуанышқа кенелтіп, балалар, немерелер мен шөберелер әрқашан есте сақтап, ұмытпасын», - деген лебізін Бақыт Мақанқызы білдірді.