Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
ДЕПУТАТТАР ТРАВМАТИЗМ ЖӘНЕ АРХИВТІК САЛАНЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ҚАРАСТЫРДЫ
01-10-2020 17:20

Депутат Қабылқақ Кәпеновтың төрағалығымен облыстық мәслихаттың әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті, онда екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе Павлодар облысында Травматизмнің алдын алу жөніндегі жол картасын орындауға қатысты болды. Осы мәселе бойынша облыстың еңбек, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, білім беру, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары және полиция департаменті есеп берді.

          Еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті травматизмді төмендету мақсатында, облыс кәсіпорындарында 2019-2023 жылдарға арналған жол картасы жұмыс істейді, ол өңірдің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді. Жол картасы шеңберінде өндірістік жарақаттанудың өсуіне жол берген 10 травматизм қаупі бар кәсіпорын анықталды, олармен өндірістегі жазатайым оқиғаларды азайту жөнінде меморандумдар жасалды. Облыс бойынша 5 кәсіпорын «Халықтық бақылау» жобасын енгізді. 2020 жылдың басынан облыстың еңбек басқармасы 9 өндірістік объектіні аттестаттады. Биылғы жылы еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша 48 оқыту семинар-кеңесі өткізілді, онда бір жарым мыңға жуық адам қамтылды, бұқаралық ақпарат құралдарында 38 сөз сөйлеу ұйымдастырылды. Еңбек басқармасының ресми сайтында жағдайлары мен себептерін көрсете отырып, болған өндірістік жарақаттар туралы ақпарат жарияланатын жеке айдар орналастырылды. Біздің облыс жазатайым оқиғалар бойынша 4-ші орында. Өндірістік травматизм деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға төмендеді.

          Әкімшілік полиция депутаттарға қабылданған ұйымдастырушылық және практикалық шаралар соңғы жылдары апаттылық көрсеткіштерін қысқартуға қол жеткізуге мүмкіндік бергенін хабарлады. Осылайша, а.ж. 8 айында ЖКО саны 16%-ға, қаза тапқандар саны 9%-ға және жарақат алғандар 18%-ға азайды. Жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған ЖКО 25,6%-ға төмендеді. Жыл басынан бері автожолдарға 995 тексеру жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға ұйғарымдар берілді.

Облыстың білім беру басқармасы облыс бойынша 2020-2023 жылдарға арналған бала құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында суицидтік мәселелерді шешу жөніндегі жол картасын әзірледі. Білім беру объектілерінде 13024 бейнебақылау камерасы орнатылды. Денсаулық сақтау басқармасының деректері бойынша балалардың тұрмыстық жарақаттары басым (төбешіктер, мұз айдыны, әткеншек, батут және т.б.) 6285 жағдай немесе 39,9%, көшедегі жарақаттар (улану, күйік, электр күйігі, шағылған, үсіген және т.б.) 6097 жағдайды немесе жарақаттардың жалпы санының 38,7%-ын құрайды.

Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы ағымдағы жылы 16 504,7 млн.теңге сомасына Жұмыспен қамтудың жол картасын қоса алғанда, жалпы ұзындығы 549,9 шақырым болатын 104 объектіде жол-жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлайды. 20 мердігерлік ұйым жұмылдырылды. 89 учаскеде жұмыстар аяқталды, 89,5% игерілді. Ағымдағы жылдың соңына қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесін 86%-ға жеткізу жоспарлануда.

Депутаттарды әлеуметтік желілерге, жарақат алу қаупі бар кәсіпорындарға, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуына, велосипедшілердің қатысуымен болған травматизмге, кәсіпорындардың қысқы кезеңге дайындығына және т.б. байланысты мәселелер қызықтырды.

Депутаттар «Павлодар облысындағы архив саласының жай-күйі мен даму перспективалары туралы» мәселені қарастырды.

Қазіргі кездегі жағдай бойынша Павлодар облысының мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қоры құжаттарының және басқа да архив құжаттарының көлемі 500-ден астам қор құрушылардың қызметі процесінде қалыптасқан әртүрлі тасығыштарда 1 294 561 сақтау бірлігін құрайды. Облыстың мемлекеттік архивтері осы құжаттардың мәңгі сақталуын, оларды пайдалануды және пайдаланушыларға қол жетімділікті қамтамасыз етеді. Жыл сайын облыстың архив мекемелері әлеуметтік-құқықтық сипаттағы 30 000-нан астам сұраныстарды орындайды. Ағымдағы жылы Ұлттық архив қоры республиканың экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуын сипаттайтын әртүрлі тасығыштардағы құжаттамаларды сақтаудың 9 157 бірлігіне толықтырылды. Word және Excel бағдарламалары шеңберінде автоматтандырылған көрсеткіштерді енгізу бойынша жұмыстар жалғастырылды. Қызметтің тиімділігі мен ашықтығын арттыру мақсатында,  облыстың мемлекеттік архивінің интернет-сайты пайдаланылады.

Архив саласында проблемалық мәселелер де бар. Архивқоймаларының бос алаңдарының болмауы аса өткір проблема болып табылады, себебі бірнеше жыл бойы мемлекеттік архивтің ұйымдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың құжаттарын қабылдауды жүзеге асыруға мүмкіндігі жоқ. Бұдан басқа, Павлодар ауданының құжаттары облыстың мемлекеттік архивінде сақталады. Екібастұз, Ертіс және Май аудандарында да проблемалар бар. Павлодар қалалық архиві күрделі жөндеуді талап етеді. Облыстың мемлекеттік архиві есептік кезең ішінде 11 телебағдарлама, 5 радиохабар дайындады, 2 презентация өткізіп және 3 дөңгелек үстелге қатысты.

Депутаттар осы мәселелер бойынша қаулылар қабылдады.