Депутаты
Депутаттан көмек
02-10-2020 12:18

«Қамқорлық» қайырымдылық айлығы бастау алды, оған облыстық мәслихат депутаттары да қатысуда. Екібастұз қаласының 31 сайлау округінің депутаты Раис Гайнулин ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында 4 млн. теңгеден астам сомаға демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетті.

Депутат Р.Х. Гайнулиннің өзі төрағасы болып табылатын қалалық Қоғамдық кеңестің шешіміне сәйкес, қалалық аурухана үшін 2 млн. 600 мың теңге сомасына 20 дана Армед XY-ВII ротаметрлері, сондай-ақ 1 млн. теңгеден астам сомаға шаруашылық тауарлары, тұрмыстық техника, дезинфекциялау құралдары, рациялар сатып алынды, медициналық колледжге дезинфекциялау құралдарын сатып алуға 50 мың теңге бөлінді.

Депутаттың жеке қаражаты есебінен «Мектепке жол» акциясы барысында № 17, 18, 25 мектептерге 180 мың теңге бөлінді, сондай-ақ үш отбасыға мүгедек балаларды емдеуге 150 мың теңге сомасында қайырымдылық көмек көрсетілді. Ағымдағы тоқсанда № 17 ЖОББМ оқитын көп балалы отбасылардың балалары үшін 400 мың теңгеден астам сомаға екі компьютер сатып алынды. Екібастұздық танымал футболшы Джамбул Фаризовты еске алуға арналған балалар командалары арасындағы футбол турнирін өткізуге балалар футбол командасының жаттықтырушысы Иван Ярошевке 150 мың теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетілді.

«За будущее Экибастуза» қоғамдық бірлестігінің қаражаттары есебінен Мәшһүр Жүсіп Көпеев туралы кітапты шығару үшін 30 мың теңге сомасында демеушілік көмек көрсетілді. Сонымен қатар, еңбек ардагері, зейнеткер Бота Тем-войға шипажайға жол жүру ақысын төлеуге 30 мың теңге бөлінді.