Депутаты
Қазақстан мәслихаттарының үздік хатшылары мен депутаттары анықталды
06-10-2020 16:58

Депутаттарға арналған «Біздің депутат» республикалық қоғамдық-саяси газеті 2020 жыл қорытындысы бойынша үздік депутаттар рейтингісін анықтады. Парламент депутаттарынан, мәслихат депутаттары және ардагер депутаттардан құралған редакциялық алқа кеңесі бұл жұмысты төрт жыл бойы жалғастырып келуде. 

Сайлау Шаймарданұлы Оразбаев Павлодар облысынан 2020 жылғы облыстық мәслихаттың үздік депутаты болып танылды. Ол облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысады. Тек соңғы екі жылдың ішінде 10 млн.теңгеден астам демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетілді. Бұл көп балалы отбасыларға көмек көрсету, ауылдық округте су құбыры құрылысына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу, интернет орнату, дәрі-дәрмекті, жаңа жылдық сыйлықтарды сатып алу және т.б.

 Қобланбек Нұрмұханұлы Қожин облыстың үздік қалалық депутаты болып атанды. Ол Павлодар қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосуда. Қазіргі уақыттағы коронавирус пандемиясы кезінде ол қаланың емдеу мекемелеріне үлкен демеушілік көмек көрсетуде. «Blue-Star PV» ЖШС құрылтайшысы Қобланбек Қожин кәсіпкер мен қайырымдылық – екі ажырамас ұғым екеніне сенімді.​ «Жақсылық вирусы» қол ұшын созуға дайын, белсенді, бей-жай қарамайтын және жігері мол адамдарды біріктірді, - деп Қобланбек Қожин атап өтті.

Екібастұз қаласының V және VI сайланған депутаттық корпусын басқаратын Болат Қайыржанұлы Құспеков облыстан мәслихаттың үздік хатшысы болып танылды .

​ Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз және болашақта сәттілік тілейміз.